Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді. Жаңа заң педофилдер мен балаларды өлтіру фактісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең ауыр жазаны қарастырады. Енді әйеліне немесе бала-шағасына қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Осылайша, жазаны қатаңдату қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастырмақ. Зорлық-зомбылыққа қатысты тақырыпты «Ортақ мәселе» айдарында Қызылорда-Түркістан-Жетісу өңіріндегі әріптестеріміз тарқатады.