Суретке түспек болып басына темір дулыға киген қызылордалық түн ішінде құтқарушыларды шақыртуға мәжбүр болды. Оқиға сенбі күні түнгі үштердің шамасында болған.

Саяхат шағын ауданы тұрғынының үйіне келген қонағы суретке түсу үшін темір дулығаны басына киіп көрген. Бірақ шойын бұйым кептеліп қал. Құтқарушылар әбден әбігерге түскен азаматтың басындағы дулығаны арнайы құралдың көмегімен шешіп алды.