«Сыр өңірі – бейбітшілік пен достық мекені» жобасы аясында Достық үйінде Неміс этномәдени бірлестігінің мерекелік шарасы өтті.

Іс-шарада неміс этномәдени бірлестігінің құрылуына атсалысқан азаматтар туралы бейнебаян көрсетілді. Мұнан соң «Адажио» жастар би ансамблі дәстүрлі би билеп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Қазіргі таңда облыс бойынша 165 неміс этносының өкілі тұрып жатыр. Аталған бірлестік қоғамдағы мәселелерге үн қатып, өңірде бейбітшілік пен татулықтың орнауына сүбелі үлес қосып келеді. Және қалада ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларға атсалысып, өз өнерлерін паш етіп келеді.

ИРИНА ШЕК – ОБЛЫСТЫҚ НЕМІС ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ // 16 мәдени бірлестік болса, барлығымыз бірлескен түрде барлық іс-шараларымыз осы «Достық» үйінде өтеді. Жалпы өзімді қазақстандық болғаныма мақтан етемін. 140-қа жуық этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Мәселен бүгінгі неміс этнобірлестігінің шарасына қаладағы білім ошақтары келіп өз өнерлерін көрсетуде. Неміс халқының салт-дәстүрінен сахналық қойылым көрсетіліп жатыр.

АЙБЕК ДАЙРАБАЙ – «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Жалпы бұл мәдени күндердің өткізілуінің бірден бір басты мақсаты: ол елдегі татулықты, бірлікті, берекені көрсету. / Бұл жерде өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу. Бірінші уақыт осы өңірде, жалпы республикамызда мемлекетімізде жүргізіліп жатқан ұлттық идеологияны ұштастыра отырып, ұлттардың мәдениетін осы қазастандық бірегейлікпен қалыптастыру.