Өңірімізде шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл облыс бойынша 43 мың 676 гектар жер залалсыздандырылмақ.

Зиянкестердің ошағын анықтау және бақылау үшін өңірде жұмыс тобы құрылды. Химиялық тазалауға 9 арнайы жер агрегаты мен 3 әуе ұшағы бөлінді. Биылғы егін науқанында 3264 гектар жерге шегірткеден аса қатты қауіп төнген. Дегенмен бүгінге дейін оның 2640 гектары залалсыздандырылды.

     Бүгінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында шегірткенің италиялық прус түрі кездессе, Шиелі мен Жаңақорғанда азиялық шегірткелер жиі кездеседі. Ал шегітрке дернәсілдерінің ең көп шоғырланған аумақтары Арал және Шиелі аудандары дейді мамандар.

МҰХТАР ОРАЗБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ

«Италиялық шегіртке мынау көршілес Ақтөбе облысы мен Ұлытау облысымен шектесіп жатқан біздің Арал ауданында көп. Көп болатын себебі Қарақұм беткейі олардың өсіп-жетілуіне де, жүруіне де қолайлы болған. Мысалы қазір 6100 га жер белгіленіп тұр. Соны қазір өңдеу жұмыстары басталып кетті. Одан бөлек мынау дария бойындағы қамыс, қоға өткен жерлерде азиялық шегірткенің көлемі 5100 га. Бұл Арал ауданындағы. Одан бөлек бізде екінші көп болып тұрған мынау Шиелі ауданындағы, бұл жерде бір-ақ түрі азиялық шегіртке зиянкестері. 10500 гектардай осы Шиелі ауданында болып тұр."