1944 жылы тағдырдың тәлкегімен Қазақстанды паналаған, айдың-күннің аманында репрессияға ұшыраған шешендердің тікелей ұрпақтарының қазақ еліне деген алғысы шексіз. «Сол шақта сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Осылайша ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды», - дейді жерлесіміз Лейла Пашаева.