"Халық заңгері" тегін кеңес берді
Еліміздің барлық қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға ең үздік заңгерлер мен адвокаттар қатысып, халықтың барлық сұрақтары мен шешілмеген даулары бойынша тегін кеңес берді.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесі шараны ұйымдастырып отыр. Жалпы бұл іс-шараға белгілі заңгерлермен қатар – құқық қорғау өкілдері және нотариустар қатысып, 200-ден астам азаматқа кеңес берді. Тұрғындар мұрагерлік, тұрғын үй, несие, сот шешімдерін орындау, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты көкейдегі сауалдарын жолдады.
2016 жылы басталған акцияға бүгінге дейін 8000-нан астам үздік сарапшы мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысып, 165 мыңнан астам адам құқықтық кеңес алған.