Байқоңырда халықаралық балаларды қорғау күніне орай ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Квест ойыны, интеллектуалды сайыстар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, сұрақ-жауап арқылы білімдері де сыналды. Сондай-ақ бүлдіршіндерге тегін аквагрим ұйымдастырылып, мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығының кішкентай өнерпаздары ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сезілді.

Айта кету керек, жұлдызды қалашықта 12 мыңға жуық бала бар. Оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасалған.