Қазақстанның құрметті автокөлікшісі, еңбек ардагері Сайлаубай Сердәліұлы 85 жасқа толды. Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері мерейтой иесінің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Сайлаубай Сердәліұлы автокөлік саласында қырық жылға жуық қажырлы еңбек еткен. Ол елімізден бөлек Сібір, Орта Азия және Кеңес одағының бірнеше қаласына жүк тасып, ұзақ сапарларды абыроймен аяқтады. Ресейдегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне Сыр өңірінің ауыл шаруашылық өнімдерін апарды. Тәжірибелі жүргізуші осындай еңбектері үшін «Еңбек ардагері», «Құрметті автокөлікші» төсбелгісіне ие болды. Ұзақ жылдар көлік тізгіндеген Сайлаубай ақсақал бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жары Күләш екеуі ұлағатты ұрпақ өрбітіп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырды.
САЙЛАУБАЙ СЕРДӘЛІҰЛЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ \Үлкен мәшинелер айдадым, бармаған жерім жоқ десем де болады. Соның арқасында көптеген медальдармен марапатталдым. Қалалыққа депутат болдым. Аудан чемпионы болдым. ...\