Негізгі Жаңалықтар Тиімді тариф

Тиімді тариф

#qyzylordatv 

Қажеттінің бәрі бір тарифте! «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұсынған «BACK TO SCHOOL» жаңа тарифі мектеп жасындағы балалар мен студенттері бар отбасылар үшін өте тиімді. Оған секундына 500 Мегабит жоғары жылдамдықтағы интернет, мобильді байланыс, 18 телеарна, 2 онлайн кинотеатр және де ең кереметі - заманауи планшет кіреді! Ал бонусқа тағы да тамаша ұсыныстар - жасанды интеллект курсы немесе Скилбокс платформасындағы кез-келген курстың алғашқы 3 модулін алу мүмкіндігі беріледі. 


 Қала тұрғыны Ибрагим Сағындықов немерелерінің жаңа дәуірмен бірге дамығанын қалайды. Кітап оқумен шектелмей, интернет игілігін де көру керек деп санайды. Ол үшін үйіне қажетті құрылғыны орнатуға «Қазақтелеком» компаниясына келіп, тиімді тарифті таңдады. 


 АЙЖАН ҚАЗБЕКОВА - «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АБОНЕНТТІК БӨЛІМІНІҢ СУПЕРВАЙЗЕРІ

 Қызылорда қаласының тұрғындары Сіздерді Әйтеке би 36А мекенжайында орналасқан Қазақтелеком бөлімшесіне шақырамыз. Қазіргі таңда бізде тиімді бағада жеңілдетілген тарифтер қосылуда. Мысалы «BACK TO SCHOOL» депа талатын тарифіміз. Оның ішінде жоғары жылдамдықты интернетіміз 500 мегабить/секундқа дейін. Бір нөмірмен және телевидениемен біргеүш жылдық келісім шартпен бағасы өзгертілмейді. Одан да басқа «GO Smart» деген тарифіміз бар. Яғни сіздер екі симкартамен қосы отырып,жоғары жылдамдықты интернет аласыздар және де смарт сағатты сыйлыққа аласыздар


Жаңа құрылғыны орнату көп уақыт алмайды. Мекеме мамандары бас-аяғы бір сағаттың ішінде қажетті қондырғыны орнатып, теледидар ғаламтор желісіне қосылды.


 ИБРАГИМ САҒЫНДЫҚОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қазақтелекомға немеремді ертіп барып едім. Немерем өзі бірінші сыныпта оқиды. Одан үлкен тағы немерелерім бар мектепте оқитын. Кенже қызым университетте оқиды. Қазіргі заманның талабына сәйкес интернет керек деп, үйде интернет болмағаннан кейін өтініш тастадым. Өздерінің жігіттерін жіберіп, үйге келіп жаңа интернетті құрып берді. Заман талабына сай немерелерім білікті, білімді маман болсын деп. Ұжымға алғыс айтамын!  


Мекеменің абоненттік бөлімінде 8 маман тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Тәулігіне мұнда 180-ге жуық абонент кеңеске жүгінеді. Операторлар жаңа қызметтерді қосумен қатар, тарифтік жоспарды ауыстыру, басқа мекен-жайға ауыстыру, өз нөмірлерін сақтай отырып отбасылық тарифтерге қосу және төлемақы секілді кез-келген сауалдарға жауап береді. 

Бөлісу