Негізгі Жаңалықтар Бастауыш сыныптардың алғашқы аралық бағалауы өтеді

Бастауыш сыныптардың алғашқы аралық бағалауы өтеді

#qyzylordatv 

Бастауыш сыныптардың алғашқы аралық бағалауы өтеді. Бұл 23-30 қыркүйекке жоспарланған. 


 2-4 сынып оқушылары 4 пәннен білімдерін көрсетеді. Қазақ және орыс тілдерінен диктант жазып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды орындайды. Әдебиеттік оқуда мәтінді түсінуі мен негізгі ойды жеткізе алуы тексеріледі. Ал математикадан бақылау жұмысы алынады. Әр пәнге 40 минут беріледі. Бағалаудың негізгі мақсаты - оқушыға тек баға қою емес, оның сабақты қаншалықты меңгергенін анықтап, әрі қарай дамуына бағыт беру. Еске салайық, биылғы жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардан ТЖБ, БЖБ алынып тасталған болатын. Оның орнына аралық бағалау енгізілді.

Бөлісу