Жылу маусымына дайындық: Қауіпсіздік қаперде болуы тиіс
#qyzylordatv
Жылу беру маусымы жақындап келеді. Бұл ретте өрт қауіпсіздігі ерекше қаперде болуы тиіс. Сондықтан, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын ерте бастап кетті.
Қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде пештің дайындығы мен мұржаны тазарту жұмыстары ескерілу қажет. Сондай-ақ табиғи газды тұтынатын тұрғындар да газ пешін қосатын кезде арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені абзал. Өткен жылу беру маусымында облыс аумағындағы тұрғын үй секторларында бірнеше өрт оқиғасы тіркеліп, қайғылы жағдай орын алды. Сондықтан сақтық шаралары қай кезде де маңызды болмақ. Төтеншеліктер әсіресе облыс орталығы мен қалаға қарасты елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын күшейтіп отыр.
ОЛЖАС ТҰРСЫНБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек азаматтық қорғау құрылымы қызметкерлерінің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Тұрғындарды жылу пештерін пайдаланар алдында олардың жай-күйін мұқият тексеріп, мұржаларды уақытылы тазартуды, электр желілеріне шамадан тыс жүтеме түсірмеуді және қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланудан бас тартуды сұраймыз