Негізгі Жаңалықтар Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

#qyzylordatv 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 126 адам кірді. Олардың қатарында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Жұмашев және "Сыр жұлдыздары" балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы" қосымша білім беру орталығы" директорының міндетін атқарушы Жанар Бимұратқызы бар.    


 Қазақстан Халық Кеңесінің бұрынғы консультативтік диалог алаңдарынан айырмашылығы – оның құқықтық мәртебесі мен саяси салмағында. Жаңа саяси институт– Конституцияға сәйкес Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Сондықтан бірқатар маңызды өкілеттіліктер берілген. Атап айтқанда, Кеңес заңнамалық бастама көтеруге құқылы. Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарына қатысты, қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сонымен қатар жалпыұлттық диалогты ұйымдастыру және ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселесін де басшылыққа алады. 

   Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.

Бөлісу