Негізгі Жаңалықтар 150 дана дабыл қондырғысы орнатылмақ

150 дана дабыл қондырғысы орнатылмақ

#qyzylordatv 

Бала қауіпсіздігі салғырттықты көтермейді. Сондықтан аймақта көпбалалы 150 отбасының үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылмақ. 


 Жалпы, аймақта көмірмен жылытылатын 5 мыңнан астам үй бар. Онда бірінші топ мүгедектігі бар, аз қамтылған және көпбалалы 4000-нан астам отбасы тұрады. Алғашқы 150 үйге дабыл қондырғысын орнату жұмыстары қолға алынды. Жыл соңына дейін датчиктер кезең-кезеңімен тиісті отбасылардың баспаналарына орнатылады. Айта кетейік, былтыр аталған құрылғы үйлерде улы газды анықтап, іске қосылған. Нәтижесінде 11 адам уланудан аман қалған.


 БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ Сонымен қатар тұрғын пештердің ақаулығын анықтау бағытында жұмыстарды жүргіземіз. Ақау анықталған жағдайда тезірек қалпына келтіру бағытындағы тұрғындарға түсіндіре отырып, яғни қысқы уақытта қатты аяз болған уақытта осы тұрғын пештердің моржаларынан болмаса түтін құбырларынан осы көмір қышқыл газының исі анықталған уақытта иістену жағдайлары болған. 


СНХ: ЕРЛАН БӘКІРОВ – ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 

Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың үйлеріне газ датчиктері қондырылатын болады. Демеушілер есебімен 150 шақты датчик алдық. Ең бастысы балалар қауіпсіздігі, тұрмыстық төтенше жағдайлардың алдын алу.  

Бөлісу