Садақ атудан ел чемпионаты аяқталды
#qyzylordatv
Қызылордада садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мен парасадақ атудан ел кубогы аяқталды. Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.
Мұндай деңгейдегі садақ ату сайысы облыста алғаш рет өткізілді. Мергендер бірнеше күн бойы нысананы дәлдікпен көздеп, ұпай санын арттыруға тырысты. Спортшылар төрт жас категориясы бойынша сынға түсті. Ал нысанаға байланысты қашықтық 40-тан 70 метрге дейін болды.
Интершум
НИКИТА ИВЛЕВ – ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Мен Талдықорғаннан келдім. 14 жасымнан бастап садақ атумен айналысамын. Қазір екі жыл болды. Мен блокты түсіруге тырыстым және бірден жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Кореяда өткен турнирге барып, екінші орын алдық. Мен бірнеше дүркін ел чемпионымын. Осы жолы да 100% дәлелдедім деп ойлаймын
ДӘМЕЛІ МҰСАБЕК - ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Мен Астанадан келдім. Қазір 17-демін. Қаламыздан 25 мерген қатысты. Осыған дейін техникамен жұмыс жасадым және барынша қобалжуға жол бермедім. Өз өнеріме ризамын//
Тілші: Пара садақ атудан Қазақстан кубогы да қатар өтті. Әр облыстан барлығы 20-дан астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік садақшылар ұлттық және жастар құрамаларымен жаттығуды жалғастыруға мүмкіндік алды.
Чемпионат қорытындысы бойынша Жетісу облысының құрамасы 15 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 3 қола бар. Енді үздік атанғандар республикалық және халықаралық жарыстарға дайындықтарын жалғастырады.