1 шілдеден бастап елде дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау басталды. Яғни, жаңа заң талабы бойынша дәрілік заттарды цифрлық есепке алудың алғашқы кезеңі енгізілді. Енді әр медициналық препаратта арнайы сандық код болуы тиіс. Жаңа жүйе туралы тілшіміз Гүлфайруз Пірмағанбетова тарқатып айтады.

Енді нарықта тек сандық таңбалаудан өткен тауарларды саудалауға рұқсат бар. Дәрілік заттарды міндетті таңбалау, өз кезегінде әр тұтынушыға дәрі-дәрмектің сапалы әрі түпнұсқа екендігін айғақтайды. Сондай-ақ, нарықтағы бағаны нақтылап, заңсыз сауданың жолын кесуге мүмкіндік береді – дейді, жауапты мамандар.

АЙЖАН САҒНАДИНОВА – ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ/Таңбалау – өндірушінің немесе импорттаушының тауарды түпнұсқалылығын растайтын иденфикатор болып табылатын арнайы марканың бастапқы немесе қайталама қаптамасына орналасуы. Ол арнайы «Дата Матрикс» кодымен таңбаланады. Бұл өнемге арнайы сәйкестендіру құралын – қара және ақ өрістер түріндегі екі өлшемді шаршы кескінді қолдану. Кодта өндіруші, шыққан елі және бұзудан қорғау туралы ақпарат бар. Бүгінгі таңда облыста халықта ақпараттандырып, дәріхналарда аралап, түсіндіоме жұмымьтарын жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлердің бәрі таңбалауға қатысты оң көзқараста/

Медициналық препараттарды сандық таңбалау – сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге бағытталып отыр. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, міндетті цифрлық таңбалау бүгінде Ресей, АҚШ және Түркия, Қытай, Италия елдерінде белсенді түрде енгізілуде. Ал елде бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс. Бұл ретте қаптамасында арнайы коды бар өнімдер облыс орталығындағы бірнеше дәріханаға жеткізілген.

Айта кеттетін жәйт, цифрлық таңбалауды жүзеге асыру мақсатында «Нақты өнім» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді әрбір тұрғын қосымша арқылы дәрілік қаптаманың сыртындағы арнайы кодты сканерлеп, нақты ақпарат біле алады.