#qyzylordatv

Бүгін Мемлекеттік Рәміздер аллеясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлттық мереке - Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік Ту көтеру сәтінде әскери хор Мемлекеттік Гимнді орындады. Азаттықтың, ерлік пен елдіктің символы саналатын көк туымыздың биікте желбіреуі әрбір қазақстандықтың бойына жігер мен ерекше рух береді. Ал ашық аспан астында Тәуелсіздік туын биік ұстау – білімді, мақсаты айқын жастардың абыройлы міндеті.