#qyzylordatv
Мемлекеттік маңызы бар кез келген мәселеде шешуді сөзді азаматтарымыз айтуға тиіс. Республика күніне орай өткен жиында мемлекет басшысы осылай деді. Ал Конституцияға енгізілетін өзгертулер, реформалар көлемін ескерсек, мұның жаңа Конституция қабылдауға барабар іс екенін жеткізді. Бұл Парламентке ғана қатысты емес, Президент, Үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтитынын баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.