#qyzylordatv

Байқоңыр – ерекше статусқа ие қала. Мұнда қос елдің азаматтары иық тіресе еңбек етіп, бірге өмір сүреді. Сондықтан әр мереке бұл жерде айрықша мәнге ие. Республика күні Байқоңырда ерекше рухпен, ортақ тарихқа құрметпен және жарқын болашаққа сеніммен аталып өтеді.

Мерекелік шара қос елдің мемлекеттік тулары енгізілген салтанатты рәсіммен басталды. Бұл – бауырлас халықтардың достығы мен бірлігінің нышаны. Облыс әкімінің орынбасары, Президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай қос елдің ғарыш қаласын дамытудағы тиімді ынтымақтастыққа ұмтылатынын атап өтті. Мемлекет басшысының шешімімен қала инфрақұрылымын жаңғыртуға қайтарылған активтер есебінен 10 млрд теңге бөлінген.

ҚАЙРАТ НҰРТАЙ - ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ

//Президенттің шешімімен бұл ақша Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңартуға бөлінді. Әрине, бізге облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы көп көмектесті... Биыл Байқоңыр 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті, Байқоңыр кешенін дамытуға бүкіл өмірін арнаған ардагерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және Ресей Федерациясының грамоталарымен марапатталды...//

КОНСТАНТИН БУСЫГИН-БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ

//Біз сіздермен бірге кезекті республика күнін атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Қазақстан барған сайын қуатты индустриялық державаға айналуда. Ел дамып қана қоймай, кадрларды көтеріп, жастарды оқытуда. Біз Ресей мен Қазақстанның ғарышты дамытудағы бірлескен жұмыстарына қатысамыз. Біздің арғы аталарымыз бірге фашистік Германияға қарсы бостандық пен тәуелсіздікті қорғады. Біздің үлкен ортақ тарихымыз бар. Ең бастысы, біз даму жолында бірге келеміз.

 Салтанатты жиын Қызылорда облыстық филармониясы әртістерінің концертімен аяқталды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл іс-шара екі ел арасындағы ынтымақтастықты айшықтады.