#qyzylordatv

Сыр өңірінің ең өзекті мәселелерін шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, ауқымды инфрақұрылымдық, инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында қандай жұмыстар жасалуда? Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қандай? Аталған сұрақтарға жауап алу мақсатында біздің тілшіміз облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевпен сұқбаттасқан болатын.

Облыста мұнай мен газдың өндірісі соңғы жылдары айтарлықтай кемігенмен, біздің аймақ өңдеуші және аграрлық сала бойынша қарқынды дамуға қол жеткізіп отыр, экономикалық өсім мен инвестиция бойынша да өңірлер арасында жақсы көрсеткіш бар. Ай сайын салалық анализ бен экономиканы әртараптандыру бағытында талдау жасалуда, - дейді облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев

Ашығын айтқанда, инвесторлар ең алдымен пайда көру мақсатында жұмыс істейді, сондықтан олар өзіне тиімді секторларды таңдайды. Сондықтан инвестор тарту әсте оңай іс емес. Дегенмен, жергілікті атқарушы билік бұл ретте аймақ экономикасына серпін берер бағыттағы инвестжобаларды реттей білді. Аймақ экспортының әлеуетін арттыруға бағытталған да бірнеше жобалар бар.

Өңір экономикасының басым салалары - ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, жалпы сауда, көлік, байланыста өсім артты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің көрсеткіші бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін толыққанды индикатор болып табылады. Соңғы үш жылда ол 3 трлн теңгеге жетті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3,6 млн теңгені құрады, бұл түсіне білсек, өте жақсы көрсеткіш. Сұқбаттың толық нұсқасын алдағы уақытта көре аласыздар.