#qyzylordatv
Шиелі ауданының еңбеккерлері тоқшылық тойына толайым табыспен жетті. Биыл егіс науқанының қорытындысы бойынша облыста көш бастаған шежірелі өлке диқандары алтын күз мерекесін кең көлемде өткізді. Салтанатты шарада еңбек озаттары марапатталып, айтыскер ақындар күрішші қауымның жетістігін жырға қосты. Оңтүстік аудандағы мерейлі мезет турасында тілшіміз тарқатады.