#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында егемендік пен елдігіміздің мерекесі Республика күні сән-салтанатымен аталып өтті. Өйткені, бұл жай ғана айтулы дата емес. Республика күні – өткенге көз жүгіртіп, барымызды бағалап, өткенімізді саралап, болашағымызға баға беретін маңызды мезет.
Түстіктегі аудан мемлекеттік мерекелерді әрдайым кең көлемде атап өтеді. Ел Президентінің бастамасымен қайта жаңғырған Республика күні де ерекше сән-салтанатымен тойланды. Айтулы датаға орай шаруалар көкөніс пен бақша дақылдарын, ет пен сүт өнімдерін жұртшылыққа ұсынып, арзан бағамен саудаға шығарды.
Биыл Жаңақорғанда 35 мың гeктaр жeргe aуыл шaруaшылығы дaқылдaры eгiлдi. Әсiрeсe, әртaрaптaндыру бaғытынa бaсa мән бeрiлгeн. Aл нeгiзгi дaқыл күрiш – 7300 гeктaр жeргe орнaлaстырылды. Aлa жaздaй aтыз жaғaлaғaн диқaндaр егін ору мaусымындa гeктaрынaн 57 цeнтнeрдeн өнiм aлған.
БЕКЗАТ ЕСҚАЛИЕВ – ТІЛШІ /Ала жаздай атыз жағалап, ырыздығын жерден терген диқандар орталық алаңға жиналған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көпшілікке 118 тоннадан астам өнімдер ұсынылды./
Қызжан Мәмбетова қaрaпaйым шaруa. Бaғбaн биыл 1 гектар жeргe алма eккeн. Онaн жүз қaптың шaмaсындa өнiм aлыпты. Eңбeктiң нaнын жeп жүргeн шaруa тоқшылық тойынa табиғи өнімін әкeлдi.
Тұрғындар таңсәріден жәрмеңкеге ағылған. Әсіресе, күріш пен бидайдың, ет пен қарбыздың саудасы қызуда.
Қазақ әдебиетінде парасатты прозасымен танылған Тынымбай Нұрмағанбетов биыл 80 жасқа толды. Алып тұлғаның мерейтойын атап өту үшін ғалымдар мен жазушылар, әдебиет сыншылары Жаңақорған өлкесінде бас қосты. Ғылыми-практикалық конференция «Таланты тұнық Тынымбай» деп аталды. Аудан басшысы мерейтой иесін құттықтап, құрмет көрсетті.
Тынымбай Нұрмағанбетов – Бейімбет Майлин мектебін жаңа деңгейге көтерген қаламгер. Бүкіл ғұмырын проза жанрына арнаған. Жиналғандар көрнекі қаламгердің шығармашылығын талдап, Тынымбай бейнелеген образдардың бірегейлігін атап өтті.
Көкірегі ашық, көңілі ояу. Бұл – Тынымбайға сай теңеу. Өйткені, оқуы да, жазуы да көл-көсір. Жиында қарымды қаламгердің «Ата қоныс», «Сушы», «Шашубай», «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» сынды біршама туындылары әңгіме арқауына айналды.
Тынымбайы бар ел бақытты. Байырқалы шараны бағдарлай отырып, қаламгердің рухани мұралары халықпен бірге жасайтынына көз жеткізгендейміз.
Аудан жұрты әрекеден қашық, берекеге асық. Даму даңғылында динамика бар. Биыл бюджеті 27 миллиард теңгеден асты. Соңғы үш жылда 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, жаңа нысандар бой көтерген. Биылғы жылдың бедерінде Руханият орталығы, Өнер мектебі, 200 орындық оқушылар үйі және 2 мектеп ел игілігіне берілді. Мұның барлығы – еңселі егемендіктің, тәуменді тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асып жатқан жұмыстар.
Республика күніне арналған салтанатты концертте қанағатпен қам жасағандар құрметке бөленді. Өндiрiс иeлeрiмeн бiргe, қоғaм бeлсeндiлeрi, шaруaшылықтaрдың шaбысынa шaпшaңдық бiтiрiп отырғaн озaттaр, еңбек адамдары нaзaрдaн тыс қaлмaды. Солардың қaтaрындa Алтынкүл Жақыпбекова да бар. Ол бүгiнгi мaрaпaтты кeшeгi eрeн eңбeктiң жeмiсi дeп бiлeдi.
Мерекелік шара қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке ұласты. Күміс көмей, жезтаңдай әншілер орталық алаңға жиылған көрермендерді әуезді әндерімен сусындатты. Патриоттық әндер шырқалып, Жаңақорған аспаны мерекелік отшашумен көмкерілді.