#qyzylordatv
Мерейлі мерекеде облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Іс-шарада қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауда мінсіз қызметімен көзге түскен әскерилерге құрмет көрсетілді.
Әскери тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті ұштастыра білген ұжымның жұмысы қай кезде де жауапты. Ел тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігі жолында қызмет ету – Ұлттық ұлан сарбаздарының басты міндеті.
ЖАСҰЛАН ШАНКУЛОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
//Бүгінгі 25-қазан ҚР мерекесі.Бұл мсереке айтулы мереке.Бүкіл қазақ елін мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Бүгінгі күні Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің офицерлері мен сержанттары,және қызметкерлері республика күніне орай айтулы марапаттарға ие болып,қорғаныс министрінің медальімен марапатталды.Әскери қызметте мінсіз қызмет атқарғаны үшін 10 жылдық,15 жылдық,20,25 жылдық ардагерлер марапатталуда.//
Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5547 әскери бөлімінің жауынгері Жасурбек Абдуллаев мерекеде «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Жауынгердің өз өмірін қатерге тігіп, жалындаған оттың арасынан жас ана мен нәрестені аман алып шыққан қайсарлығы көпке үлгі.
ЖАСУРБЕК АБДУЛЛАЕВ - АҒА ЛЕЙТЕНАНТ//Бүгінгі 25-қазан Республика күнімен бүкіл қазақ елін құттықтаймын,және де қазақ еліне қажымас қайрат,мол бақыт,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын. Бүгінгі іс-шарада медель алып отырмыз. Бұл мерекеге орай Қызылорда қаласында өрт жағдайында нәресте мен ананы құтқарғаным үшін осындай Ішкі істер министрлігінен медаль алып отырмын.Бұл өз жетістігімді қазақ еліне арнаймын,және өзіміздің Ұлттық ұланның бас қолбасшыларына.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.//
Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, бүлдіршіндер ән шырқап, би биледі.