#qyzylordatv
Қармақшыда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі түрлі сала өкілдерін марапаттап, алғыс хат табыстады. Ал, ауыл шарушалық саласында озат атанған қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Мерекелік мезетке облыс әкімінің бірінші орынбасары Бахыт Дүйсенұлы қатысып, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге ерекше екпін берді. Мемлекет соңғы үш жылда аграрлық саланы қолдауға 43 млрд теңге қаржы құйса, шаруашылықтардың есебінен 41 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.
БАХЫТ ЖАХАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ерте көктемнен, қара күзге дейін күннің ыстық-суығына қарамай еңбек еткен Сыр диқандары межелі өнімге қол жеткізуде./ 189 мың 600 гектар жерге егін егіп, оның ішінде 80900 гектарға күріш дақылын өсірді. Бүгінде әр гектардан 58,1 центнер өнім алып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды. Бұл жергілікті шаруалардың тынымсыз жұмысы.
Иә, аймақтың аграрлық саласында серпін бар. Соның ішінде, қармақшылық шаруалар жақсы жетістікке қол жеткізіп отыр. Диқандар ала жаздай алқапты кезекпен суарып, ымыралы еңбек етті. Мұнан бөлек, биыл Қармақшы мал санын көбейтуде озат аудан атанды. Мерекеде аудан әкімі шаруалардың еңбегін жоғары бағалады.
ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – АУДАН ӘКІМІ // 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудандағы мал басының санының өсуі 100 пайыздан асып, жақсы деңгейге көтерілді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 102,7 пайызға орындалып, аудан эканомикасының дамуына өз үлесін қосып отыр. Бұның барлығы ауданның шаруашылықтарының маңдай терлерімен жасаған еңбегінің жемісі.
Қазір ауданда халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әсіресе, ауылдарды газдандыру, табиғи таза ауызсуға қосу жұмыстарына жіті көңіл бөлінуде. Қармақшының қарқын алуына сан салада сүбелі үлес қосқан жандар салтанатты шарада марапатталды.
Солардың бірі «Тұрмағамбет» шаруашылығының төрағасы Нұржан Пірмантаев. Ұзақ жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп келе жатқан азаматқа «Құрмет» ордені табысталды.
Осылайша республика күнін аудан халқы мәре-сәре көңіл күйде тойлады. Шара соңында эстрада жұлдызы Кеңес Әлімжан әннен шашу шашты...