#qyzylordatv
Арал ауданында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз аңшылықпен айналысқан азамат анықталды.
Тәртіп сақшылары рейд барысында нива автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде көлік ішінен 1 аңшы мылтығы, 9 дана оқ және жүк салғыштан 2 қапқа салынған 55 дана үйрек пен қасқалдақ табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша заңсыз аңшылықпен айналысқан 42 жастағы аудан тұрғынына қатысты іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.