Жыл басынан бері облыста барлық қаржы көздерінен 330,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7% құрап отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев хабарлады.

Жалпы, биылғы жылы құрылыс саласында 176 жобаны жүзеге асыруға барлық қаржы көздерінен 123 млрд.теңге бөлініп отыр. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 12 нысан пайдалануға берілген. Айта кету керек, басқарманың тікелей бақылауымен білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында құрылыс қарқынды жүруде. Биылғы жылдың басты жаңалығы иноовациялық шығармашылық орталығы мен 7 мың орынға арналған Орталық стадионның құрылысы. Сондай-ақ, 2 мың орынға арналған «Қызылорда аренаның» жобасы жасалуда.

ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Қазір біз жоба жасап жатырмыз. «Қызылорда арена» деген нысан. Үлкен 2 мың адам сыйатын. Евразия бар ғой, соның екіншісі. Ол жақта 50 де 20 бассейн болады, ойын алаңдары болады. Ол қазақ түрік лицейінің сол жағында.