Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеке қабылдау өткізді. Кезектілік тәртібімен алдын ала жазылған азаматтар тұрғын үй алу, денсаулық жағдайына байланысты мәселелер көтерді. Тұрғындар талабына құлақ түрген облыс әкімі көпшілікке заң аясында қолдау болатынын жеткізді.
Мадина Ыдырысқызы - үш баланың анасы. Ортаншысы 2017 жылы бауыр циррозына шалдыққан. Содан бері осы дертпен күресіп келеді. Жақында оған донор табылыпты. Енді тиісті ем-дом жүргізуге қомақты қаржы керек екенін айтады. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
МАДИНА ЫДЫРЫСҚЫЗЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Әкімшілікке келіп көмек сұраған жағдайым бар. өте қуаныштымын. Әкім көмектесемін деп уәдесін берді. Одан бөлек, Сызғановтағы дәрігерлермен хабарласып тұрмыз деп бізге айтты. Қызым жазылып кетіп, доноры сәйкес келесе екен деп тілеп тұрмын.
Ал Ақбота Ізтілеуова - қала тұрғыны. Аймақ басшысына бірнеше мәселемен келіпті. Ол қаладағы Хангелдин көшесіне жарық жүргізіп беруді сұрайды. Нұрлыбек Нәлібаев аталған мәселені көп ұзамай шешіп беруге уәде етті.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Парк, скверлер жасаумен жарықтандырумен айналысып жатырмыз. оған көп қаражат бөлінді. Облыстық, республикалық бюджеттен. Бірінші осы шет аймақтар қамтылып жатыр. халықтың ұсыныс тілегіне қарай. Сіздікін жаңа баяндады. 14-15 млн қаражат керек деп. Сентеябрде орнатып береді. Уәде беремін. Жақсы.
Жалпы, облыс әкімінің жеке қабылдауына 10-нан аса тұрғын келді. Көтерілген сұрақтар сан алуан. Көпшілікті көпқабатты тұрғын үйді жөндеу, баспана кезегі мен кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер толғандырады. Аймақ басшысы тұрғындар талабы жерде қалмайтынын жеткізіп, жан-жақты жұмыс жүргізілетінін айтты.