Облыс орталығында 4 жастағы бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға күні кеше орын алған. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Айта кетейік, жыл басынан бері еліміз бойынша 112 шұғыл әрекет ету қызметіне балалардың ашық терезеден құлап кетуі бойынша 102 хабарлама келіп түскен. Оқыс оқиғадан 7 адам қайтыс болды, ал, қалған 95-і түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Сондықтан, тиісті сала өкілдері кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды қатаң ескертіп отыр.