Биыл аймақта бірінші сыныпқа баратын оқушылар өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көбейген. Шыны керек, мектеп табалдырығын аттаған жеткіншектерге ұғынықты білім берумен қатар, жол жүру ережелерін де жете түсіндіру маңызды. Осы орайда облыстық полиция департаментінің бастамасымен аймақтағы білім ошақтарында «Абайлаңыз, балалар!» атты қауіпсіздік сабақтары өтуде.