«Жерді жасыл түске бояп жатыр». Неше күннен бері қызылордалықтар әлеуметтік желіде осы тақырыпты қызу талқылауда. Дегенмен, жауапты мекеме мұны жоққа шығарып отыр.

 Мекеме басшысы бұл қаланы көгалдандыруға бағытталған жаңа технология дейді. Яғни, тұқым мен арнайы тыңайтқышты араластырып, сұйық күйінде жерге төгеді. «Көгалды жаңа әдіспен егу бұрынғыға қарағанда тиімді. Біріншіден, біздің климатқа сәйкес келді. Екіншіден, суды аз қажет етеді» дейді мамандар. Қаланы көгалдандыруға бағытталған жоба алғашқы 10-15 күндікте өз нәтижесін береді деп күтілуде. Қазір Назарбаев даңғылының бойын және сол жағалауда себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, мекеме тарапынан қаланы абаттандыруға күнделікті 100-ден аса маман мен 20-ға тарта арнайы техника жұмылдырылады.

МАҚСАТ ЖҮСІП - “ЖАСЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА” КММ ДИРЕКТОРЫ // Бұл себу жұмыстары осыдан 10 күн бұрын басталған болатын. Нәтижесі бар уже. Көктемде егіп жатыр, күзде егіп жатыр оған ешқандай қатысы жоқ. Бұл газондарды көктемде де ешқандай қатысы жоқ. Артықшылығы бұл газондар келесі көктемде де осылай көгеріп шығып тұрады.