Еліміз бойынша 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Екпе ең алдымен медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған ересектер мен балалар және қарттар мен сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне егіледі.

Бүгінде өңірде эпид ахуал тұрақты. Дегенмен, жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар көп. Әсіресе балалар арасында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмаудан сақтанудың жалғыз әрі тиімді жолы вакцинациялауды ұсынып отыр. Осы мақсатта биыл облысқа 85 мың доза вакцина алынады. Тұмауға қарсы иммундауға «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Айта кетейік, екпе егу тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.

ОЛЖАС ИСКАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

\Тұмауға қарсы бұл кароновирусқа емес. Соны барып қабылдап алғанымыз дұрыс. Жүктіліктің екінші, үшінші кезеңіндегі болашақ аналарымыз вакцинаны алғанымыз жөн. \