Еске сала кетейік, атом электр станциясы бойынша референдум қазанның 6-сында өтеді. Осы орайда елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясының басқарма төрағасы Батыржан Қаракөзөв өз пікірін білдірді.

БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ //Әрине жел, күннің қуатын пайдаланып жатырмыз. Бірақ бізге тұрақты базовый генерация деген мәселе ашық түрде тұр. Бізде қазір басқа жол жоқ. Тек қана атомный энергияның базовый генерация салу керек.Екінші мәселе, тек қана электр қуаты емес. АЭС айналасында көптеген кәсіп болады. Радиофарм препаратын шығарады. Мен өзім осы салада біраз жыл істегесін оны білем. Бізбе Болашақ бағдарламасымен сыртта оқып жатқан физиктер бар. Мысалы Москваның өзінде 100-ден астам бітірген физик ядершиктер жұмыс жасап жатыр. Бұл кадр қалай болады деген сұраққа жауап.//