#qyzylordatv #жаңалықтар #news #қызылорда #қазақтілі #филиалтөрағасытағайындалды

Қызылордада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының кеңейтілген жиыны өтті. Шарада 80 жасқа толған филиал төрағасы, тіл жанашыры Сәдуақас Аңсаттың еңбегі ерекше аталып өтіп, ұйымның жаңа төрағасы тағайындалды. Жиынға Сыр елінің зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.

Басқосуды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы ашты. 2010 жылдан бері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. 80 жасқа толған Сәдуақас Әбдіқадырұлына қазақы дәстүрге сәйкес шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Сәдуақас ағамызды осы мерейлі мезетімен құттықтап, атқарған еңбегі үшін алғыс айтып жатырмыз. Халықарлық «Қазақ тілі» қоғамының ойласуымен тілдің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға берілетін А. Байтұрсынов атындағы арнайы төсбелгіні беріп отырмыз.

Алқалы жиында сөз алған Сәдуақас Аңсат филиалды басқарған жылдардағы жетістігін баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті.

 СӘДУАҚАС АҢСАТ – «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

 Қоғамдағы соңғы жиналысым ғой енді, шамалы есеп бергендей айтатын болсақ. 2010 жылы мен сайланған кезд, мемелкеттік орындардағы келісім шарт қағаздарды қазақ тілінде жүргізуге күрестік. Одан сауда орындағы, көшедегі жазулардағы орыс, шет тілінде сөздерді қазақыландыру жұмысын жасадық.

Филиалдың жаңа төрағасы ретінде Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Абайбек Жүнісов тағайындалды.

АБАЙБЕК ЖҮНІСОВ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Алдағы уақытта атқарылар шараларды бірлесіп жасаймыз ғой деп сенім артам. Бұл үлкен сенім мен қатар, үлкен жауапкершілік. Биыл «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап жатыр президентміз, осы бағыттада қыруар істер, шаралар күтіп тұр алдағы уақытта. Сол шараларға өздеріңізбен, көздеген мақсатқа жетеміз ғой деп келісім беріп отырмын. Тағы да үлкен рақмет айтам, білідірілген сенімге.

Тіл жанашырлары ұйымның осы кезге дейін атқарған жұмысын түйіндеп, жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тіледі.