Үкімет отырысында қысқы Азия ойындарына дайындық жұмыстарымен қатар электрондық сауданы дамыту жайы қаралды. Жиынға селекторлық режимде қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларымен мәжіліс өткізді.
Бүгінде өңірде тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін интернет-ресурсты пайдаланатын 10 кәсіпорын бар. Олар 2023 жылдан бері 18 мыңнан аса тапсырыс қабылдап, сауда айналымын 281 миллион теңгеге жеткізген. Аймақ басшысы жауаптыларға өңірде электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерді тағы да көбейту керектігін тапсырды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ «Жергілікті кәсіпкерлерді электронды сауда негіздеріне оқыту жұмыстарын ұйымдастырыңыздар.Электронды саудадағы экспорт көлемін арттыру мақсатында бұл саладағы кәсіпорындардың интернет маркетплейстарға тіркелуіне көмек беріп, тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында электронды саудадағы тауар сапасына аса мән беріп, дер кезінде қажетті шараларды қабылдаңыздар».