Облыс орталығында индустрияландыру картасына енген бірқатар өндіріс ошағы бой түзеп жатыр. Аймақ басшысы құрылыс алаңында болып, ондағы жұмыс барысын бағамдады.
Алдымен облыс әкімі нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысын көрді. Жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңге тұрады. Келешекте кешеннің кондитерлік цехында нан-тоқаш өнімдерінің 100-ден астам түрі дайындалады. Сондай-ақ, тәулігіне 25 тонна ұн, 20 тонна өсімдік майын өндеуге мүмкіндік болады.
Ал, Белкөл кентінде жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мақсатында «Цифрлық депо» кешені салынған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті құрал- жабдықтар шет мемлекеттен жеткізілген. Кешен жақын күндері пайдалануға беріледі.
Құрылыс барысын бағамдаған аймақ басшысы өндіріс орындары халыққа сапалы қызмет көрсету керек деп атап өтті.