#әлеуметтіккөмек #студенты #шәкіртақыөсуі #қызылорда #qyzylordatv #news #жаңалықтар
Жас әрі терең білімді азаматтар – ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан үнемі белсенді жастарды қолдап, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу маңызды. Бұл ретте аймағымыздағы оқу орындарында студент жастарды әлеуметтік тұрғыда қолдау оң шешімін тауып келеді.
Мәселен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде студенттерге арналған «әлеуметтік сатылар», «әлеуметтік жобалар» шеңберінде мемлекет есебінен оқу мүмкіндігі, оқу ақысы, қоғамдық көлікте жүру, тамақтану, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ, шығармашылықпен, спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнан бөлек, жыл сайын жаңадан қабылданған студенттерді жатаханамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қолдауымен салынған жеке кәсіпкерлермен де келісім-шарт жасалып, 1218 білім алушы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда әр түрлі санаттағы 1500-нан астам студентке облыстық әкімдік, университет, демеуші компаниялар, қоғамдық қорлар мен қаржы институттары тарапынан білім гранттары мен оқу ақысын төлеуге қолдау көрсетіліп келеді.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Президенттің тапсырмасына сәйкес, еліміз бойынша студенттерді жатаханамен қамту мәселесі жүйелі түрде шешіліп келе жатыр. Біздің аймағымызда да бұл оң шешімін тапқан. Қазіргі таңда барлық білім алушының өтініштері қанағаттандырылып тұр. Және де қосымша орындар бар. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, магистранттар мен доктаранттардың шәкіртақысы 1,75 есеге өсуі. Бұл әлеуметтік қолдау. Бұл студенттердің ертеңгі күні білім-ғылым жолында қажетті дүниелерін сатып алуға мүмкіндік. Бұл олардың тұрмысына да көмектесу болып саналады.