Паралимпиада жеңімпаздарына мемлекеттік наградалар табысталды. Президент жарлығымен I және III дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары марапатталды.

 Естеріңізге сала кетейік, Париж паралимиадасында Қазақстан құрамасы 9 медальді қанжығалады. 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды. Ел абыройын асқақтатқандар қатарында Паралимпиаданың күміс медалін жеңіп алған Еркін Ғаббасов бар. 41 жастағы мерген 3 баланың әкесі. Жары Шынар Еркін Ғаббасовтың күтушісі, қолдаушысы. Олар енді алтын медаль жеңіп алуға бар күш-жігерімізді салып, дайындаламыз деп отыр.

ЕРКІН ҒАББАСОВ- «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

//Барым, аяғым, нарым осы жан. Әрқашанда қолдап жүретін. Жарым//

ШЫНАР ҒАББАСОВА - Е. ҒАББАСОВТЫҢ ЖАРЫ

//Отбасы құрғанымызға 21 жыл болды. 3 баламыз бар. Бір қызымыз, екі ұлымыз бар. Болашақтта ойлаймын, алтын медальді алады деп ойлаймыз.