Жарықшамдарды сындырып, вандалдық әрекетке барған бұрымдылар ұсталды. 12 және 16 жастағы жасөспірім қыздар қала орталығындағы жарық бағанасының шамдарын шағып жатқаны бейнебақылау камерасының назарына іліккен.

Полицейлер камераның көмегімен вандализм жасаған бұзақыларды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Баланың тәртіпсіздігі үшін ата-ана жауапты. Осы ретте шамдарды сындырған екі жасөспірімнің ата-анасы жауапкершілікке тартылатын болады. Қазір дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

 Тәртіп сақшылары тұрғындарды бұзақылық, вандализм әрекетіне немқұрайлы қарамауды және дер кезінде полицияға хабарлауды сұрайды.