«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы 10 жылдық мерейтойы аясында «Шағын және орта бизнесті қолдау, қаржы құралдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қаржы ұйымдары мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, қаржыландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған жобаларды қаржыландыру, несие алуға кепілдігі жоқ кент және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді несиелендіру және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Орталық 10 жылдың ішінде 2752 жобаны қаржыландырған. Нәтижесінде шағын және орта бизнеспен айналысушылар қатары артып, үш мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу» пилоттық бағдарламасын іске асыруда. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат ет, сүт, ұн, көкөніс-бақша және құс, балық етін өндіруге бағытталмақ.