Премьер министр Олжас Бектенов Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылына барды. Жаңадан ашылған өндіріс орталығының жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен кездесті.

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ

Берекелі Бесарықта байыпты бастамалар мен жаңа жобалар жүзеге асып жатыр. Бүгінде ауылдың ажары айшықты, келбеті келісті. Биыл елді мекенде шағын өндіріс орталығы ашылып, оннан астам кәсіпкер бизнесін бастауға мүмкіндік алды. Атап айтсақ, ауылда наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім, жұмыс қолғабы, шұлық, пластикалық бөтелке, сабын шығаратын цех жұмыс істеп жатыр.

 «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көргендердің бірі - Сәрсенкүл Аралбаева. Жақыпбек Махамбетов ауылының тұрғыны 2,5 пайызбен 5 млн. теңге несие алып, шұлық шығаратын цех ашыпты. Қазір мұнда тәулігіне 300-350 дана шұлық дайындалады.

СӘРСЕНКҮЛ АРАЛБАЕВА – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Ақсуат» деген брендтпен өнімдерімізді шығарудамыз. Қазір екі жұмысшы бар. Ауыл,м қала тұрғындарына сапасы өте жоғары 150. 200, 250 тг аралығында сатудамыз.

Ал, Бесарық ауылының тұрғыны Самат Ақпанбетов «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 6 млн теңге қаржы алып, қолғап шығарумен айналысуда. Бұл өнімге әсіресе құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында сұраныс жоғары екен. Сондықтан алдағы уақытта цехты ұлғайтып, өнім көлемін арттырамыз,-дейді.

САМАТ АҚПАНБЕТОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Жолдасым ауыл мектебінде мұғалім, менде дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Бос уақытымызда қолғап өндірісімен жұмыс жасап жатырмыз. Өзіміз өндіріп отқаннан кейін нарықтан арзандатып береміз.

Премьер министр Олжас Бектенов мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алып, бизнесін бастаған кәсіп иелерімен кездесті.

 Өңірде «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі басталғалы 934 млн. теңгені құрайтын 140 жоба қаржыландырылды. Қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу саласы мен мал шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр. Айта кету керек, биыл облыс бойынша 575 жоба қаржыландырылу көзделген. Нәтижесінде 610 жаңа жұмыс орнын ашылмақ.

 Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламалардан бөлек «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен қолға алынған жобалармен танысты.

 МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВ, «АБАЙ-ДӘУЛЕТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Фри зауытын қойғандағы мақсатымыз келешек осы жерде картоп дақылын егіп, елді мекенде бизнесті дамытып, жұмыссыздықты азайту мақсатында жұмыс жасап жатырмыз.

 Шаруашылық мұнан бөлек ауылды абаттандырып, орталық алаңға қайта жаңғырту жұмыстарын жасады. Сондай-ақ 642 миллион теңгеге мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп берді. Олжас Бектенов жаңаша кейіпке енген өнер ошағында болып, ауылдың алты ауызын тыңдады.