Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осыған сәйкес сенбі күні облыстың барлық аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Туған жерді көркейту мақсатында қолға алынған шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент, Мәжіліс депутаттары және қала, аудан әкімдері қатысып, Оқушылар үйінің алдына тал екті. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы басталғалы өңірде 130 мыңға жуық қарағаш, терек және Сыр талы егілді. Сонымен қатар, демалыс орындары мен скверлер, аллеялар мен тарихи-мәдени ескерткіштер маңы тазартылып, 23 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ \\ Жалпы Қызылорда өңірінде осы бағдарлама өте қарқынды жүргізіліп жатыр. Оған дәлел ретінде Парламент сенатының пленарлық отырысында Қызылорда облысындағы елді мекендерді экономикалық әлеуметтік жағынан дамытудың тиімділігімен қатар көркейту абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарының озық үлгісін республиканың өзге өңірлеріне насихаттау жөнінде үкіметке депутаттық сауал жолданды. Бұл біздің өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарды парламенттегі депуттардың берген бағасы деп ойлаймын.