Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушылары шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуда. Мақсат - білім беру жүйесін әлемдік стандарттық деңгейге көтеру және бәсекеге қабілетті, білікті кадрлар даярлау.

Мемлекет басшысы «2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған байланысты келесі жылдан бастап еліміздегі барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа моделі жасалынады. Басты талаптың бірі - жұмысшы кадрларды даярлайтын оқу орындары халықаралық салалық акредиттеуден өту керек. Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі осы мақсатта NCCER бағалау және сертификаттау бағдарламасымен жұмыс жасауда.

МАҒРИПА ӘЙТЕНОВА, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\Бұл енді төрт кезеңнен тұрады. Біз төртінші кезеңін желтоқсанның бірінші он күндігінде аяқтаймыз. Қаржысы толық төленген.....

 Халықаралық салалық акредиттеудің тағы бір талабы оқытушылар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу керек. Осы мақсатта германиялық эксперт Курт Ричард колледжге арнайы шақыртылып, «электр жабдықтары» және «электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша мамандардың білімін жетілдіруде.

 KURT RICHARD, ГЕРМАНИЯЛЫҚ САРАПШЫ \\біздің мақсатымыз әр түрлі сала бойынша мамандардың білімін жетілдіру тәжірибелерін арттыру болып табылады. Түрлі әдістерді енгізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Түске дейін мұғалімдерге дәріс өтсек, түстен кейін колледж зертханаларында тәжірибелік жұмыстар өткіземіз.

МАҒРИПА ӘЙТЕНОВА, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \\ 2020 жылы Жас маман жобасы бойынша Германияның заводынан стендттер алған болатынбыз. Курд мырза сол стендермен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетуде...

 Акредиттеуден өтудің басты артықшылығы колледждің материалдық техникалық базасы жаңарып, білім берудің жаңа жүйесі қалыптасады. Бәсекеге қабілетті, білікті де білімді кадрлар даярланып, түлектер елімізбен қатар шетелдік компанияларда да жұмыс істей алады.