«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда мен Ақтөбе облысы аралығын жалғайтын екі жолақты жол 2027 жылға дейін 4 жолақты болады. Бұл туралы өңірімізге жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев өңір тұрғындарымен кездесуде айтты. Сондай-ақ министр азаматтарды жеке қабылдады.
Халықаралық автодәліздің Ақтөбе мен Қызылорда аралығын 4 жолақты етіп үлкейту бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Бүгінде бұл жолмен тәулігіне 28 мыңдай көлік қатынайды. Осы орайда Марат Қарабаев тас жолдың Ақтөбеге тиесілі бөлігінде құрылыс жұмыстары басталғанын айтты.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ - ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ 03:37- «Ал енді Қызылорда жағынан біздің жоспар Аралға дейін алып келеміз бұл жолды. Оның ұзындығы 465 шақырым. Оны екіге бөліп отырмыз. Біріншісі Қызылордадан Жезқазғанға баратын жолда айналма жол жасап, 35 шақырым. Екінші кезең сол жолдан бастап әрі қарай 430 шақырым. Сонда 465 шақырымның жалпы айтқанда Қызылордадан бастап істеу келесі жылдан басталады».
МАРАТ ҚАРАБАЕВ - ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ «Бір топ қауым осында жиналып Бейнеу-Сексеуілдің экологиялық тиімділігін дәлелдеуге тырысты. Иә, Бейнеу-Сексеуіл жолын жүргізетін болдық, экологиялық жағынан сол тиімді. Бірақ Бейнеу-Шалқар қалып қоймады. Ол Шалқардан келетін жолды да жөндеуден өткіземіз».
Көлік министрімен кездесуде көпшілік өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
«Қазіргі түсейін деп жатқан жолдарға да мал өткелін бірден жасап кетсек. Себебі кейбір жерде түйе өтетін жер бар, кейбір жерде сиыр өтетін жер бар дегендей. Мысалы анау Аралқұмда істеп қойған адамдар өтетін жолмен ешкім жүрмейді қазір. Сондықтан осы мәселелер дұрыс шешімін тапса».
«Қай жақа барсақ та аз деп отырады. Қанша қажет болады, соншасын салып беріңіздер жобаға».
«Қай жерден өткел керек, сол жерден салып беремін. Өйткені сол ауылдық округ әкімдері бар, халық бар қай жерден өтеді дейді, сол жерлердің барлығына салып беруге тырысамыз».
Сондай-ақ жиын барысында «жол саласының құрылысшылары» мен «автокөлік саласының қызметкерлеріне» арналған кәсіби мереке күндері қойылса деген ұсыныс білдірілді. Бұл мәселе де алдағы уақытта қолдау таппақ.