Аймақта су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде биыл 200 млн текше метрге жуық тіршілік нәрі үнемделді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.
Айта кетейік, биыл өңір дихандары 55 мың гектар күріш алқабына лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізген болатын. Соның нәтижесінде, суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көп, дейді мамандар.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың вегетациялық кезеңі «Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының» хаттамалық болжамды кестесіне сәйкес жүргізілген. Осылайша Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 650 текше метрге дейін су түсті.
Бүгінгі күні мамандар су тасқынының алдын алу үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті. Барлық су шаруашылығы нысандарын күзгі-қысқы кезеңге дайындығы тексерілуде.
АЙДОС АСАНБАЕВ - «ҚАЗСУШАР» РМК ҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ағымдағы жылы су жеткізіп беру қызметін оңтайлы жүргізу және су шаруашылығы нысандарының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін теңгерімдегі 120,6 шақырымды құрайтын 23 дана каналдарға механикалық тазарту, 49 дана гидротехникалық құрылымдарды ағымдағы жөндеуге және 26 дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру межелеген болатын. Оның ішінде, егістікке су алу кезеңіне дейін 73,4 шақырымды құрайтын 22 каналға механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп 605 мың м3 топырақ шығарылса, 19 дана гидротехникалық құрылымды ағымдағы жөндеу және қажеттілікке байланысты 31 дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды.