Жасанды интеллект: тиімді қолдану уақыты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде осындай атаумен жобаларды басқару тобының көшпелі отырысы өтті. Семинар-мәжілісте еліміздегі бірнеше жоғары оқу орнының өкілдері өз тәжірибелерін ортаға салды.
«Мұндай жиындардың салаға енгізер жаңалығы көп» дейді жиылғандар. Бүгінде жасанды интеллект жайламаған сала кемде-кем. Цифрлық трансформация ғылымға да едәуір өзгеріс әкелді. Осы ретте ғалымдар IT-білім беру саласындағы инновациялар, жасанды интеллекттің білім беру жүйесінде қолданылу мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жасады.
БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жасанды интеллектіні 100 пайыз қолданысқа енгізген оқу орындарының бірі. Семинарда оқу ордасының ректоры білгенімен бөлісті.
АСЫЛБЕК ИСАХОВ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Ортақ алаң ретінде Қорқыт ата университетінің таңдалуы тегін емес. Мұнда Сеул техникалық университетімен бірлескен Жасанды интеллект жоғары мектебі жұмыс істейді. Қатысушылар жаңашыл жобаға қанығып, тәжірибелік сессиялар арқылы жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша нақты дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.