Қазанның 15-сінде Қызылордада жылу жүйесі іске қосылады. Алайда әлі күнге қала көшелері қопарылып, кей учаскелерде құбырларды ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. «Межелі уақытта жылуға қосыла аламыз ба» деп хабарласқан көрермендер сауалына тілшіміз Мақсат Кәрібай жауап іздеп көрді.
 Қаладағы жылу жүйесінің 45 пайызы тозығы жеткен. Жыл сайын оның 3-4 пайызы жаңартылып отырады. Биыл республикалық бюджеттен 6 млрд 874 млн теңге бөлініп, оған 9 жарым шақырым жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
 Бүгінде, ескірген құбыр желісін қайта жаңғыру мақсатында 6 жоба жүзеге асып жатыр. Мамандар 15-қазанға дейін бұл жұмыстар толық аяқталып, қалаға жылу мерзімінде беріледі деп отыр.
 СЕРІК ЖҰМАБАЕВ – МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ
//Жұмыстың бүгінгі таңда 95-98 пайызы орындалып тұр. Төлебаев көшесінің аяғында 100 метрдей лоток қалды, труба 300 метрдей тастау керек. Қазір 30 адамдай жұмыс істеп жатыр. Бір жарым смен істейміз. Түңгі сағат 10-12-ге дейін дәнекершілер жұмыс істеп жатыр. Ал, дворовойлардың барлығын болдық. Құдай қаласа жылу маусымына дейін аяқтаймыз.
 Жалпы қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 1621 нысан қосылған. Қазіргі таңда, Қорқыт ата мен Төлебаев және Жаппасбай батыр мен Амангелді көшелерінде құбырлар ауыстырылып жатыр. Жаңа құбырлар арнайы жылу ұстағыш қасиетке ие пенаполиуретанмен қапталып, еуростандарт талабына сай жаңартылуда. Тот басқан құбырлармен қатар жылу қазандықтары да қайта жаңғыртудан өтті.
ХАСАНҒАЛИ ИМАНҒАЛИЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
// Нысан бар энергия өндіруші. ТЭЦ жылу орталығы, Оңтүстік жылу орталығы, оған қоса 20 шағын автономдық қазандықтар бар. Қазіргі таңда, қазандықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, жылу маусымына толығымен дайын. Қыркүйек пен 5 қазан аралығында жылу жүйелеріне үлкен қысымдық жұмыстар жүріп жатыр. Сонан соң, 5 қазаннан бастап жылу жүйелерін салқын сумен толтырып отдавлениеге қоямыз. Өзіміздің кәсіпорынның қаражаты есебінен 29 млн теңге бөлініп, 4,3 шақырым жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүрді. Ол да толығымен аяқталды.
 Сондай-ақ, магистралдық және кварталаралық жылу құбырларының тығыздығы мен беріктігін сынау үшін гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, егер күнтізбелік бес күн ішінде ауаның орташа тәуліктік температурасы +10⁰ С-тан төмендесе немесе күн-райы күрт салқындаса, жылу беру маусымы мерзімінен бұрын басталауы да мүмкін.
М. Кәрібай, Т. Әлменов «ҚТ»