Облыс орталығында журналистерге арналған семинар-тренинг өтті. «Түркітілдес журналистер қоры» ұйымдастырған дәрістің тақырыбы «Журналистикадағы жасанды интеллект және You Tube» деп аталады. Іс-шарада заманауи журналистикадағы трендтер, әлемдік журналистикадағы жаңашылдықтар туралы кең ақпарат берілді.

Семинар-тренингке қатысушылар жасанды интеллекттің көмегімен деректерге визуализация жасау, фотосуреттерді генерациялау, дауысты өңдеу және синтездеу сынды процесстерді жасау жолдарын меңгерді. Нейрондық желі мамандары қалам ұстаған қауымға заманауи жүйені қолдану тәсілдерін түсіндірді. «Әлемдік трендтен тілшілер де қалыс қалмауы керек» дейді ұйымдастырушылар.