«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Талсуат ауылдық округінде қалалық мәдениет қызметкелерінің тәжірибе алмасу семинар кеңесі мен «Батаменен ел көгерер» атты батагөй ақсақалдар сайысы өтті.
Шараға қатысушылар алдымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының бағыттарымен танысты. Жоба аясында ашылған 7 үйірмеге бүгінде 100-ден аса бала қатысып, шығармашылық қырларын шыңдауда.
ЕРЛАН БИСЕНБАЕВ - ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Талсуат аулындағы жаңа клубмызда мәдени-тәрбие орталығы ашылған болатын. Сол орталықтың бүгін семинар кеңесі өтіп жатыр. Сонымен бірге аталарымыздың бата сайысы болғалы жатыр. Мәдени тәрбие орталығында семинар кезінде ауылдық округтерден келген мәдени қызметкерлер клубта өтіп жатқан бүкіл шараны ұйымдастырып жатқан жұмыстарын көріп шықты.
Игі шара батагөй қариялардың сайысымен жалғасты. Ғасырлар бедерінен қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазынамызды дәріптеуге қалаға қарасты елді-мекендерден алты ақсақал қатысты. Олар елдік пен татулықты батасына арқау етті.
САБЫРТАЙ АЙПЕЙІСОВ - ҚАТЫСУШЫ
Әкеміз бен анамыздан қалған, мұра есебіндегі баталар. Есімізде қалған, дастархан басында айтқандары. Сол енді өзіміздің ұрпаққа да жария болып жатқан жағдайлары бар. Мен өзім осы сайысқа Қосышыңырау ауылдық округі, Абай ауылынан кеп тұрмыфн. Енді сіздерге де, еліме, халқыма тілер батам:
Туған ел, ауыл, аймақ аман болсын,
Халқымызға қолайлы заман болсын,
Табиғат молшылығын төге берсін,
Дастархан ас-тағамға тола берсін.
Жақсы адамдар үйлеріңе келе берсін,
Бақдәулет, ырыс, несібе үйлеріңе ене берсін.
Сіхздергеде осы батамды арнағым келед...
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қариялар өздері күнделікті қолданып жүрген баталарын көпшілікке ұсынса, келесі кезеңде ұяшық таңдау арқылы салт-дәстүрдің бірінен бата берді.
ГҮЛМИРА САПАХОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген. Қарттарымыз аман болып ортамызда, ақ батасын беріп, батагөй болып жүре берсін. //00-36 Батаның негізі рөлі зор ғой. «Бата менен ел көгере, жауын менен жер көгеред» демекші, жақсы баталарды бере берсін, қарттармыз аман болсын. Халық осы іс-шараға дән риза, осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін.
ГҮЛЗАДА СМАНОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Балаларыма бата беріп отырамын. Өмір жастарың ұзақ болсын, үлкен азамат болыңдар, халқыңның сүйікті азаматы болыңдар деп ұл-қыздарыма бата беріп отарамын. Жақсы қасиет көп батаның, үлкендердің берен батасы қабыл болады деген. Осы беріп жатқан батамыз қабыл болсын.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындар иеленіп арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қараөзек аулының намысын қорғаған Қалыбай Боданов ақсақал қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайық деп танылды.