Сыр спортынан ақжолтай ақпар. Оңтүстік Кореяның ЧунЧхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрай Қазнабек күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Әлем біріншілігіне 105 мемлекеттен бас-аяғы мыңнан аса спортшы келген. Олар он бес салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде медальдарды сарапқа салуда. Дүбірлі додада Сыр спортшысы 59 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, финалда Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Осылайша, Нұрай Қазнабек екінші орынға ие болды. Ал, үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті. Айта кетейік, әлем чемпионаты 7-ші қазанда аяқталмақ.