Жыл сайын қазанның алғашқы жексенбісінде ұстаздар күні тойланады. Биыл қала мектептерінде 7534 мұғалім сабақ береді. Олардың қатарында жас мамандардың үлесі артып келеді. Күні кеше, облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында мұғалімдер мерекесінің қарсаңында жас оқытушылардың қатысуымен «Зияткер ұстаз» білім бәйгесі ұйымдастырылды.

 Жарасбек Ғаниевтің ұстаз болғанына бір-ақ апта болған. Қазір ол Баймұрат батыр ауылындағы №218 орта мектепте математика пәнінен сабақ береді. Білім ордасына жұмысқа орналаса салысымен жас маман бірден мектеп командасына өтіп, сайысқа қатысуға келіпті.

ЖАРАСБЕК ҒАНИЕВ – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Өзім бір апта болды мұғалім болғаныма, Шымкент қаласындағы Шымкент университетін математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіргенмін. Бұл «Зияткер ұстаз» сайысы бірінші қатысып жатқан жарысым, алда әлі талай жарысқа мектептің атынан қатысамын. Қобалжып тұрмын. Сайыстан жаңа ақпараттар күтемін.

Оқушылардың білімін сынайтын мұғалімдер бұ жолы өздері сыналды. Зияткерлік сайыс жеті кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар жалпылама сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде ми қозғайтын қиын тапсырмаларды орындады. Әрі қарай 2 сурет 1 кітап, ұлы адамдар, Қазақстан тарихы, салт-дәстүр, логикалық сұрақтар кезеңінде жан-жақты шыңдалды.

АЙГҮЛ МҰСАБАЕВА – АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ №140 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

 Қала мектеп ұстаздарының біліктілігін, білімділігін, зияткерлігін жалпы кәсіби даярлығын шыңдау мақстында осындай зияткерлік сайыс ұйымдастырып жатырмыз. Қалаға қарасты мектептерден 80 команда қатысып отыр. Команда мүшелері жас ұстаздар. Бұл жерде біріншіден ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасса, екінші ұстаздардың өздері беретін пән бойынша ға тексермей жан-жақтылығы, кәсіби шеберлігі осы жерде сыналады.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша Қызылжарма ауылындағы №144 орта мектептің мұғалімдері 3-орынға ие болып, 100 мың теңге жеңіп алды. Екінші орында «Қазбілім» ұлттық лицейінің ұстаздары еншілеп, 150 мың теңгеге сертификат алса, бірінші орын 125 ХАЙ скул ұжымына бұйырды. Жарыс жеңімпазары 250 мың теңге ұтып алды.

Зияткерлік сайыс биыл бірінші рет қала көлемінде ұйымдастырылып отыр. Келесіде облыстық деңгейде өткізілмек.