Соғыс ардагері, сырдариялық Яхия Тасыров референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Айта кетейік, аудан бойынша бүгін 18 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Соғыс ардагері, қос ғасырдың куәгері Яхия Тасыров 103 жаста. Ол аймақтағы ең қарт дауыс беруші. Яхия ақсақал осы уақытқа дейін еліміздегі саяси науқаннан қалыс қалған емес. Міне, бүгін де мәдениет үйінде орналасқан № 155 референдум учаскесіне таңғы жетіде келіп, өз таңдауын жасады. Учаскелік референдум мүшелері қарт майдангерге құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.